Мына үстеулерді катыстырып...

Тема в разделе "Қазақ тiлi", создана пользователем O_Shurik, 1 апр 2010.

  1. O_Shurik

    O_Shurik New Member

    Мына үстеулерді катыстырып сөйлем құраңдар да,пысықтауыштың кай түрін жасағандарыңды табыңдар. Күзде,қуаныш устіндетұс-тұстан,артта,арнайы,уйрену үшін,едәуір,жатпай-турмай,күлімжіп,шұрық-шұрық,қорыққандықтан,сонша,бірен-саран.
     
  2. PAVLIK_MOROZOV

    PAVLIK_MOROZOV New Member

    Күзде дала алтын кілемге оранады.(мезгіл пысықтауыш) Кей адамдар қуаныш үстінде жылап та, жібереді.(мезгіл п) Туған күніме сыйлық жасамақшы болып достарым, мен бөлмеге кіргенде тұс-тұстан жүгіріп шықты!(Мекен п) Қиыншылықтың барлығы артта қалды.(мекен п) Мәдениет арнасының тілшілері, белгілі жұлдыздардың үйлеріне арнайы барады.(амал п) Үйрену үшін көп тер төгу керек.(мақсат п) Биыл досарым едәуір өсіпті.(амал п) Мен кеше жатпай-тұрмай сабақ оқуға кірістім.(амал п) Өз басым күмілжіп сөйлейтін адамдарды ұнатпаймын.(амал п) Менің шелегім шұрық-шұрық болып тесіліп қалыпты.(амал п) Қорыққандықтан мен не істерімді білмей қалдым.(мақсат п) Экзамен кезінде қатты қобалжитын едік.(амал п) Сабақты оқитын оқушылар бірен-саран.(амал п) 
     

Поделиться этой страницей

Наша группа