Пожалуйста помогите мне,напишите...

Тема в разделе "Қазақ тiлi", создана пользователем prizzrak, 17 фев 2010.

  1. prizzrak

    prizzrak New Member

    Пожалуйста помогите мне,напишите сочинение на тему :ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ..пожалуйста срочно нужно
     
  2. Cimeries

    Cimeries New Member

    Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.
    Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
     

Поделиться этой страницей

Наша группа