1)Ананың ойы ұяда, Баланың ойы қияда. Баласыз ана — гүлсіз алма. Ата балаға сыншы. Ата баласының Ат меңіндей белгісі болады. Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер. Ілгері басатын жасты Кері тартқан кәрі қайтарады. Үлкен бастар Кіші қостар. Атасы жоқ — мас жетім, Анасы жоқ — қас жетім. Итпен ойнасаң — үрерсің, Баламен ойнасаң — күлерсің. Ат болатын құлынның, Бауыры жазық келер, Адам болатын баланың, Маңдайы жазық келер. Жылайын деген баланың Үш күн бұрын көзі қышиды. Нар баласын қарпып сүйер