СРОЧНО!небольшое Сочинение на...

Тема в разделе "Қазақ тiлi", создана пользователем maksimla, 22 янв 2010.

  1. maksimla

    maksimla New Member

    СРОЧНО!небольшое Сочинение на тему "Бірлік болмай, тірлік болмас"
     
  2. ertan

    ertan New Member

    Елімізде тұратын жүзден астам ұлт пен ұлыстың қай-қайсы да қазақтың «Бірлік болмай, тірлік болмас» дейтін қастерлі сөзіне иланады. Қазақстан халықтары Асссамблеясының XVI сессиясында сөйлеген мемлекет басшысының ұстанымы осы тұрғыдан өрбігені анық. Саяси тұрақтылыққа көбірек тоқталып, Президенттің ел аузын біріктіретін бәтуәні айтқаны да— шағын ұлттардың көңіліне сенім, тірлігіне мығымдықты шегелей түсті. Ассамблеяны жеке институт ретінде қалыптастырудағы тірліктің түп-төркіні- оны ұлттар достығының алтын көпірі іспеттес, саяси тетікке айналдыруға жетелейді. Орал өңірінің тұрғындары, осы сессиядан соң, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге белсене атсалысатынын бір ауыздан жеткізді. Қазақ тілінде ана тіліндей сөйлей жөнелетін өзге ұлт ұрпағының өсіп келе жатқаны да, тәуелсіздіктен бері жүргізілген сарабдал саясаттың жемісі. Оралдан келіп сессияға қатысқан делегаттар, сәулеті мен көркі көз тартқан Астананы да ұлттық құндылықтардың қатарына қосады.
     

Поделиться этой страницей

Наша группа