1)Нұрбек пен Бектас көл жағасына дейін жүгірді, бірақ Санжар кетіп қалыпты. 2)Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді. 3)Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ,- қорқыныш қана бар. 4)Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты. 5)Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын. 6)Күн жауып кетті,- оны елеген ешкім болмады. 7)Оларда пысықтық бар,- адамдық жоқ. 8)Оның даусы жақсы, бірақ ән салуды жақтырмайды. 9)Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. 10)Мен үндемедім,- өз пікірімде қалдым.