БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ. 1. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, шекара, қарақұс, әлденеше, әркім, Ақтөбе, Талдықорган, бесжылдық. 2. Кіріккен сөздер түбір тұлғасының дыбыстық өзгерген түрінде жазылады. Мысалы: ашудас (ашутас емес, ащытас емес), ендігәрі (ендігіденәрі емес), сөйтіп (солайетіп емес), қонағасы (қонақасы емес), Өмірзақ (Өміріұзақ емес), Бегәлі (Бекәлі емес), бүгін (бұл күн емес) т. б. 3. Еш, бір, әр, кей, әлде деген сөздер есімдіктермен (мысалы, еш сөзі кім, бір, қандай, қайда, қашан, теңе сөздерімен, бір сөзі неше, талай, аз, ыңгай, келкі, жола, жолата, қыдыру сөздерімен, әр сөзі кім, қашан, қайсы, дайым, бір, қалай сөздерімен, кей сөзі бір, біреу сөзімен, әлде сөзі кім, қашан, қалай, қайда сөздерімен) бірігіп жазылады да, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда, олардан бөлек жазылады. Мысалы: еш бала, еш жерде, бір мектепте, әр оқушы, кей адам т. б. 35