придумайте пожалуйста небольшое...

Тема в разделе "Қазақ тiлi", создана пользователем Kate.Shnaider, 30 мар 2010.

  1. Kate.Shnaider

    Kate.Shnaider New Member

    придумайте пожалуйста небольшое эссе на тему "туған күн" срочно (заранееспасибо!)
     
  2. Cағат туған күнін асыға күтті. Қысқы демалыста апасы екеуі сапарлап ауылға барып қайтқан, сол жақтағы ағайын-туыстарының үйінде болғанда да: 
    -Мамырдың 20-ы менің туған күнім ғой, он жасқа толам. Бұл сөздерді аузын толтырып айтты. –Туған күніме келуді ұмытып кетпеңдер,- деп тағыда пысықтады. Әсіресе нағашыларына өзінің велосипед тебуді үйреніп алғанын айтып қайта-қайта мақтанды. Ондағы ойы туған күніне біреу велосипед сыйласа екен деген есек дәме ғой баяғы. Туған күні жақындаған сайын уақыт тіпті өтпей тоқтап қалғандай көрінді. 
    –Апа, -деді ол бірде. Менің туған күнім келе жатыр, биыл онға толамын ғой. Мені құттықтап көп адамдар келе ме екен? 
    - Ия. Деп баласының көңілін қимай айта салғаны болмаса анасының көңілі тіпті басқада еді. Биыл үйленгендеріне аттай он бес жыл, күйеуінің жүрісі болса анау. Күнде арақтан аузы бір құрғамайды, тартқаны темекі, өзі әбден жүдеп бітті. Күйеуімен жұптасып көшеге шықпас түгелі, түрін көргенде жиіркеніп тыжырынатын әдет тапқан. Шыр жұқпас өлмейтін Кащейдің дәл өзі, -деп іштей табалап та қояды. 
     

Поделиться этой страницей

Наша группа